Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда жалғызбасты әке бес баласын жалғыз өзі асырап отыр

Оралда жалғызбасты әке 5 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отыр Балалардың ең кішісі небәрі 1 жаста.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ринат Рахметов бір өзі 5 баланы асырап отыр. Жалғызбасты әкенің ай сайын алатын жалақысы күнделікті тамақ пен киімдеріне кететіндіктен, үй алуға жағдайы жоқ. Ринат 5 баласымен жатақхананы паналап отыр. Оның өзі жұмысынан берілген уақытша баспана. Жөндеу жүргізілмеген бөлме болса да, тұратын жерлерінің болғанына шүкір етеді. Ринаттың үлкен ұлы 20 жаста. Ол грантпен оқуға түсіп, Астанада білім алып жатса да әкесінің қамқорлығында.

Балаларының ең кішкентайы небәрі бір жаста. Ринат бірінші некесінен қалған үш баланы не себеппен жалғыз асырап отырғанын түсіндіре алмады. Сонымен қатар, Ринатта екінші некесінен 2 бала бар.

«Әрине, өмір сүру қиын. Ай сайынғы алатын жалақы жетпейді. Шамамыз келгенше күн көріп жатырмыз. Коммуналдық қызметтерді де төлемегелі көп болды. Есепшот шамамен 1 миллион теңгеге жеткен шығар. Білмеймін. Кез-келген уақытта балаларыммен бірге баспанасыз қаламын. Өйткені қәзіргі тұрып жатқан бөлменің өзі, жұмысымнан уақытша берілген», – дейді жалғызбасты әке.

Оралда барлығы 115 аз қамтылған отбасы тіркелген. ІІБ қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, бұл отбасыларда 200-ден астам бала тәрбиеленуде. Оларға көмектесу үшін құқық қорғау органдары «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Олар Рахметовтар отбасын көптен бері біледі және оларды жиі тексеріп тұрады екен.

«Жалғызбасты әке полиция бөлімшесінде тіркелмеген, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбайды. Бұл отбасына балалар білім алатын мектеп әкімшілігі демеушілік көрсетіп тұрады. Оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп киімдерін де береді дейді», – деді Орал қаласының ІІБ ювеналдық полициясының аудандық инспекторы Жанна Омарова.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкент тұрғыны той қонақтарына 150 килограмдық торт ұсынды (видео)

Мектеп мұғалімі бірінші сынып оқушысын өрттен құтқарып қалды

Шахматшы Бибісара Асаубаева өзіне жала жапқан бапкерге жауап берді

Анасы: Дәрігерлер ессіз жатқан қызымды тәрбиесіз деп, емдеудің орнына намысыма тиетін сөз айтты

Талқылау