Оралда төбелескен жігіттерді ажыратқан әжей табылды (видео)
Оралда полиция қызметкерлері көшеде төбелескен жігіттерді ажыратқан 75 жастағы әжейді тауып, сый-құрмет көрсетті.
Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.
“Мен сол күні базарға барып, азық-түлік сатып алғанмын. Жолдан өтіп жатып, балалардың төбелесіп жатқанын байқап қалдым. Бір жігіт қашып бара жатып құлап еді, бәрі соған жабыла жөнелді. Мен шыдамай жүгіріп барып, оларды ажыратуға тырыстым. Бірақ, онымнан ештеңе шықпай өзім құлап қалдым. Ақырында айқайлап, полиция шақыруға тырыстым”, – дейді Бақтылы Әжмағамбетова.
Ол кісі 13 жасынан бастап комбайнердің көмекшісі, тракторшы болып жұмыс істеген екен. Қазір 2 ұл, 2 қыр тәрбиелеп отыр. Полиция басшылығы әжейге алғыс хат пен гүл шоғын, сондай-ақ ақшалай сыйлық табыстады. Ал төбелеске қатысқан жігіттер қазіргі кезде ұсталған.
Еске салсақ, әжейдің төбелескен жігіттерді ажыратқан видеосы желіде таралып кеткен болатын.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)
Алматылық бала көрші аулалардағы шашылған қоқыстарды жинап жүр (фото)
Шымкентте 3 жасар бала ашық жатқан сым тоғына түсіп, қолын тұтас күйдіріп алды
Тоңазытқыштан табылған егіздердің ағасының әрі қарайғы тағдыры белгілі болды