Оралда тәуелсіз бақылаушылар бірлестігіне референдумға қатысты сауалнама жүргізгені үшін айыппұл салынды

БҚО-да "Жария" тәуелсіз бақылаушылар бірлестігіне референдумға қатысты сауалнама жүргізгені үшін 65 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұйым жетекшісі Бекнұр Сыражановтың айтуынша, әкімшілік істің қозғалуына 20 ақпанда “Jaria” Facebook парақшасында жарияланған "15 наурыздағы референдумды бақылау қажет пе?" деген сауалнама түрткі болған.
Прокуратура қаулысында сауалнамаға 16 адам қатысқаны көрсетілген.
Ұйым басшысы сауалнаманың мақсаты әлеуметтік зерттеу жүргізу емес, референдум үшін бақылаушылар табу болғанын айтады.
"Біз референдумға қатысты заңсыз сауалнама жүргізуге тыйым салынғанын білеміз. Бірақ мен тек бақылауға қатысуға ниетті адамдар бар-жоғын білгім келді. Қатысуға дайындар “иә” деп жауап береді, дайын емес болса “жоқ” дейді. Сондай-ақ қатыса алмайтын, бірақ басқа жолмен көмектескісі келетіндер де бар", – деді Сыражанов.
Бірлестік басшысы бастапқыда құжаттарда қаулымен келіспейтінін көрсеткен. Алайда кейін соттың әділ шешім шығаратынына сенбегендіктен, айыппұлды төлеуге келіскенін айтады.
Еске салсақ, бұған дейін оралдық “Орал апталығы” басылымына референдумға қатысты сауалнама жүргізгені үшін айыппұл салынған еді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті