Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Оралда танымал дәрігер өзіне қол жұмсады
Оралдағы облыстық клиникалық аурухананың танымал травматолог дәрігері Ғалымжан Рамазанов 10 қыркүйекте өзіне қол салып қайтыс болды.

Сурет: Облыстық клиникалық аурухананың Instagram желісіндегі парақшасынан
Бұл туралы «Мой Город» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
БҚО ІІД-дегілердің мәліметінше, 36 жастағы дәрігер өз үйінде асылып қалған.
«10 қыркүйекте сағат 21:30-да қаладағы танымал травматолог дәрігер өзіне қол жұмсады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Осыған байланысты ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook желісіндегі парақшасында көңіл айтты.
«Өте өкінішті. Иманды болсын», – дейді министр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"