Оралда қызметтік ит жоғалған 3 жасар қызды тауып берді
Кинолог пен Шериф есімді ит Солтүстік-шығыс шағын ауданын кішкентай қызды іздеді. Бұл туралы “Мой город” тілшісі хабарлады.
ҚР “Батыс” Ұлттық гвардиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 желтоқсан, 20:00 де қыз жоғалған.
“Солтүстік-шығыс шағын ауанында солдатқа Әбілқайыр хан көшесіндегі дүкенде қызын жоғалтып алған әйел келеді. Оның 3 жасар Ирада есімді қызын таба алмай қойған. Алғашқы жарты сағатта әйел қызын өздігінен іздегенғ кейін полиция көмегіне жүгінген”, – деді ведомства баспасөз қызметі.
Шериф есімді ит пен кинолог әйелден қызының суреті мен иісін алып іздеуге шықты. Ит 15 минуттан кейін қызды тауып Орақбаева көшесіндегі анасына әкелді.
Қызметтік иттердің тұрғындардың балаларын тауып беруі алғаш рет емес. Мұндай жағдай соңғы рет, 2017 жылдың жазында орын алған еді. Кішкентай бала ата-анасы қолы босамаған кезде үйінен шығып, жоғалып кетті.
Тағы оқыңыз:
Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан жол жабылды
Енді елімізде операцияларды робот-хирургтар жасайтын болады
Алты күнде безеуден арылған модель сұлулықтың құпиясымен бөлісті