Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда құрылыс алаңынан табылған сәбиді өз әкесі қамқорлығына алмақшы

Оралдағы құрылыс алаңынан табылған кішкентай Әлижан ата-анасыз қалмайды. Қалалық білім беру бөлімі хабарлағандай, сәбидің әке-шешесі қайта қосылуы мүмкін.

perishte

Бұл туралы Астана арнасы хабарлады.

Ол үшін өзін бөбектің әкесімін деп таныстырған азамат шын мәнінде оның биологиялық әкесі екенін дәлелдеп, заңды түрде некеге тұруы керек. Енді ол баласын өзіне қайтарып алмақ.

Айтуынша, ұлы жайлы ақпарат құралдарынан білген. Тіпті әйелі босанғанда жанында болғанын айтады. Бірақ екеуі заңды некеге тұрмаған. Ал осы уақыт ішінде бөбекті асырап алғысы келгендер көптеп хабарласыпты.

«Заң бойынша бұл бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанымен, әлі де толық асырап алуға жатпайды. Өйткені ата-анасы бар. Олар өз бұл балаға қатысты өз құқықтарын дәлелдеу үшін шара алып жатыр», – дейді Орал қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Ағиіс Бержанова.

Оралда құрылыс алаңынан нәресте табылғанын алдыңғы жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Бірер күннен соң оның анасы да белгілі болды. Полиция дерегіне сүйенсек,  ұлынан құтылмақ болған әйел салынып бітпеген үйдің жертөлесіне тастап кетеді. Мұны ата-анасына айтпаған. Оның ары қарайғы тағдырын сот шешеді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандықтар аптаған ыстықта адамдарды тегін тасуға шақырылды

Астанада бір күнде 40 жұп шаңырақ көтерді (видео)

Алматыда жолақыны қолма-қол ақшамен төлеу 150 теңгеге қымбаттайтын болды

Есімін елбасының құрметіне қойған Нұрәбіназға имамдар атын ауыстыруға кеңес берген

Талқылау