Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Оралда көпқабатты үйдің ауласында 9 жасар бала тоққа түсіп, көз жұмды

Фото: Мой город

30 сәуір кешке Оралда бала тоққа түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 үйдің жанында жантүршігерлік оқиға болды. Куәгерлердің айтуынша, 9 жасар баланың добы сымға оратылып қалып, оны алу үшін электр қосалқы станциясының төбесіне шығып кеткен. Дәл сол жерде ол тоққа түсті.


"Ойнауға шығып кетіп еді": Тоққа түсіп, көз жұмған 11 жасар қазақстандық баланың ата-анасы әділдік іздейді


"5 рет пластикалық ота жасалды": Алматыда ер адам 10 мың вольттық тоққа түсіп, аман қалды


1 мамырда Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі тоқ соққан тоғыз жасар баланың жағдайы ауыр болып қалып жатқанын хабарлады.

“Қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасында, механикалық желдету аппаратында жатыр. Жағдайы ауыр. Дененің күйіктері – 95%, төртінші дәрежелі күйік”, – деп хабарлады департамент.

2 мамырда баланың қайтыс болғаны белгілі болды.

Полиция департаменті оқиғаның себебі анықталып жатқанын айтты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 02 Мамыр, 2025 12:46
Талқылау