Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда көлік үйдің қабырғасын бұзып, қонақ бөлмеге дейін кіріп кеткен

Оралда 16 желтоқсан күні таңертең «Лада Приора» жүргізушісі көлігімен жеке үйдің қабырғасын бұзып, ішке кіріп кеткен.

20161220144726

Бұл кезде Марина Польских күйеуімен, үш баласымен бірге жатын бөлмеде ұйықтап жатқан. Көлік зал бөлмесіне дейін кіріп кетті. Көлікті арнайы техника құралымен шығарып, айып тұрағына жеткізді. Үйдегілер құлаған қабырғадан суық кірмеу үшін пенопластпен жапты.

«Бастапқыда ешнәрсе түсінбедік. Қонақ бөлмеге шығып қарасақ, көлік аязды күні құбырды жарып үйге кіріп кеткен. Біз өзге бөлмеде ұйықтадық. Әзірге ешкім ешқандай көмек көрсеткен жоқ», – дейді әйелі.

Жүргізуші үй иелеріне келтірілген шығынды өтейтінін айтқан. Ал, көршілері полицейлерден қиылысқа бағдаршам қоюын сұрайды.

«Мұнда өте қауіпті. Қиылысқа бағдаршам керек. Жүргізушілерге осылайша ескерту көрсетілу тиіс», – дейді зардап шеккендердің көршісі Александр.

Үй иелері көліктің жарылып кетпей, тек қабырғаны бұзғандарына шүкір етуде.

Жіберіп алмаңыз:

Аула сыпырушы кедергі болған көлікті 40 қоқыс жәшігімен қоршап тастады (видео)

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

Айықпас дертке шалдыққан күйеужігіт үйленгеннен кейін 36 сағаттан соң көз жұмды (видео)

Талқылау