Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда киік етінен шұжық дайындалып жатыр

киік етінен шұжық

Фото: Pixabay.com

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде киік етінің шұжықтарының өндірісі іске қосылды. Оған ақбөкен мен құс еті пайдаланылады, жануарлар университетте өсіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің жас ғалымдарының ғылыми жобасы аясында ақбөкен шұжықтарының алғашқы шығарылымы жүзеге асты. Ғалымдар өндірістен бөлек, өнімнің тұтынушылық қасиеттерін де зерттеді.

“Біздің жобаның негізгі мақсаты – өнімнің тұтынушылық қасиеттерін анықтау. Алдымен киік етінің сапа көрсеткіштерін зерттеп, одан кейін қауіпсіздік көрсеткіштерін, яғни микробиологиялық қауіпсіздігін, құрамында қауіпті ішек таяқшаларының, патогенді және шартты-патогенді бактериялардың болмауын қатаң қадағаладық” , — деді "Азық-түлік қауіпсіздігі" ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Аян Оразов.

Ерекше шұжық университетте өсірілетін ақбөкен етінен жасалған. Шұжық құрамында құс еті яғни үйрек немесе қаз еті қосылады.

“Шұжық рецептін дайындау кезінде барлық аспекті мұқият зерттелді – қай ингредиенттерді пайдалану ыңғайлы, қайсысы тиімдірек. Фаршқа тұз, бұрыш, сарымсақ сынды дәмдеуіштер қосылады. Зерттеу барысында ақбөкен етінің өте сөлді екенін байқадық. Дайын өнімді тоңазытқышта екі аптаға дейін сақтауға болады”, – деді магистрант Айдана Бекбусинова.


Елімізде консервіленген ақбөкен еті сатыла ма – Батыс Қазақстан облысының әкімі жауап берді


Ғалымдар ақбөкеннің бір етінен 13-15 келідей ет шығатынын айтады.

Шұжық өндіру технологиясы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Олар рецептті жетілдіруге және оған авторлық патент алуға, содан кейін өндіріске кірісуге ниетті.

Соңғы мәліметтер бойынша, Батыс Қазақстан облысында 2,3 миллион киік бар. Популяция көбейіп, Қазақстан үкіметі ақбөкен етін өңдеуді қолға алмақшы. Ол үшін малды атып, базарға шикі ет, консерві ретінде сатады. Жоспар бойынша 800 мың бас дала бөкенін шығару бар.

Еске салсақ, Қазақстанда былтыр ақбөкен етінен 5,5 тонна консерві дайындалғаны айтылды. 

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 01 Шілде, 2025 14:43
Талқылау