Оралда келіншек аяз салдарынан автокөлік ішінде босанып қалды
БҚО-да келіншек автокөлік салонында босанып қалды.
Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды.
Жұма күні, 19 қаңтарда, сағат 14:30 шамасында 25 жастағы жүкті келіншек облыстық наркологиялық диспансерге келген. Алайда аяз салдарынан ғимаратқа кіре алмапты.
«Келіншекті қандай себептерге байланысты перзентханаға жеткізіп үлгермегенін білмейміз. Ол үйде болған кезінде суы кетіп қалған. Оның туыстары бізді көлікке шақырған кезде ол босана бастаған. Далада аяз болды. Сондықтан оны ғимаратқа алып кіре алмадық», – дейді медициналық қызметтер сапасы бойынша директордың орынбасары Арман Мұрзахметов.
Наркологиялық диспансердің мейірбикесі Жанаргүл Иманбаева келіншекті автокөлік салонында шұғыл жағдайда босандырған.
«Ұл бала туды. Оның кіндігін байлап, бірден жедел жәрдем шақырдық. Мұның бәрі бес минуттың ішінде болды. Нәрестені қымтап орап, қолайлы жағдай жасадық», – дейді Арман Мұрзахметов.
Қазіргі уақытта келіншек пен сәбиі қалалық көп салалы ауруханада жатыр. Олар дәрігердің бақылауында.
Оқи отырыңыз:
Атай жылап жіберді: Автобус жүргізушілерінің әрекеті алматылықтарды ашуландырды
Әнші Жазира Байырбекова күйеуі емес, ұлының тегін алғысы келетінін айтты
Қарақат Әбілдинаға баласының тұсауын кескізбек болған аналар ренжіп жүр