Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда ер адам итті зорлап, азаптаған

Оралда ер адам қаңғыбас итті зорлап, мазақ еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ru.freepik.com

HALYQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, Зачаганск ауылының тұрғыны бір ер адамның қаңғыбас итке жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасап жатқанын көрген. Әйел бұл оқиғаны видеоға түсіріп, полицияға дәлел ретінде тапсырған.

Полиция бұл ақпаратты тексеріп жатыр. Ер адамның жеке басы анықталды.

30 жастағы "жануарларға әуесі бар” ер азаматтың есепте тұрғаны анықталды. Сондай-ақ ол ресми түрде әрекетке қабілетсіз деп танылған. Қазір ол ұсталып, оны мәжбүрлі емдеуге жіберу мәселесі қаралып жатыр.


"Қатты қыңсылағаны естілді": Таразда ер адам итті зорлаған


Зоофил зорлап, азаптаған қаңғыбас иттің қазір қайда және онымен не болғаны белгісіз. 

Бұған дейін Батыс Қазақстанда екі жасөспірімнің итті зорлау ойынын ойнап, оны видеоға түсіргені туралы жазған едік.

Талқылау