Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккендер саны 58 адамға жетті

Оралда екі жолаушылар автобусы соқтығысып, 60-қа жуық адам зардап шекті. Олардың арасында екіқабат әйел кеуде тұсынан жараланып ауруханаға жеткізілген.

autobus-8-768x576

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова біраз уақыт бұрын, зардап шеккен адамдар саны 45-ке дейін жетіпті деп хабарлаған еді. Кейін бұл сан 58-ге дейін өскен.

autobus-7-768x576

“15 адам облыстық клиникалық ауруханада тексеруден өтіп жатыр, 30 адамды қалалық көппрофилді аурухана дәрігерлері қабылдап жатыр. Әзірге тек жүкті келіншек ғана ауруханаға жатқызылды. Қалғандары дәрігерлердің қабылдауында”, – деді Әбдірахманова.

autobus-4-768x576

Сонымен қатар, облыстық балалар ауруханасында 4 бала қаралуда. 17 жастағы жасөспірім бас-ми жабық жарақатын алса, 16 жастағы бала бүйрегінен жараланған. 10 жасар және 1 жасар балалар тексерістен өтуде.

Оқиға 24 тамыз күні Жәңгір хан көшесінің бойында орын алған. Таңғы сағат 08:40 шамасында №7 және №5 бағыттағы жолаушылар автобусы бір-бірімен соқтығысып қалады.

Оқи отырыңыз:

Жол апаты: Астанада автобус 10 автокөлікті соқты (видео)

Маңғыстау облысында тас жол бойында жолаушылар автобусы өртенді (видео)

Сәтбаевта оқыс оқиға салдарынан жарақат алған шахтер көз жұмды

Астанаға жақын маңда дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні көлік қағып өлтірді

Талқылау