"Секіріп кеткен": Танымал блогердің өлімінің себебі аталды
Оралда ақтөбелік блогер Мұрат Бірмағамбетов жетінші қабаттан секіріп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 қараша күні "Жеңіс" шағынауданында болды.
"Сағат 10.40-та 7-үйдің жанынан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Ол жетінші қабат балконынан секіріп, өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиға орнынан марқұмның өзі жазып кеткен жазба табылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабына “өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады ведомстводан.
Әлеуметтік желіден мәлім болғанындай, блогер әрі вайнер, Ақтөбе КВН құрамасының бұрынғы капитаны болған Мұрат Бірмағамбетов 19 қараша күні жоғалып кеткен еді. Соған байланысты іздеу салынған болатын.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Еске салсақ, осыған дейін блогер әрі вайнер Мұрат Бірмағамбетов белгісіз жағдайда көз жұмды.