Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда автобус кондукторы әкесінің көз алдында жол апатынан ажал құшты

Оралда автобус жүргізушісі Жұмабек Мұхатов көз алдында ұлынан айырылып қалды, деп хабарлайды Мой город.

Жол апаты кезінде автобуста 15 жолаушы болған.

«Жолда келе жатқаныма алдымнан “МАЗ” көлігі шыққанын көрдім. Жүк көлігі тоқтады. Мен онымен соқтығыспау үшін автобусты бұрдым. Бірақ бұрып үлгермей, жүксалғышына соғылдым. Қатты соққыдан терезеден өзім ұшып кетіп, жүк көлігінің жанына құладым», – дейді жүргізуші.

Осы жол апаты кезінде жүргізуші кондуктор ұлынан айрылды.

«Жалма жан ұлыма ұмтылдым. Бірақ оны құтқарып үлгемедім. Ол қатты бастырылып қалыпты. Сол жерде көз жұмды», – дейді қайғы жамылға әке.

Айта кетейік, жол апаты 1 ақпан күні болды. Апаттан екі адам мерт болып, 7 адам зардап шекті.

Облыстық ІІД жүк көлігінің қарама қарсы жол бағытына шығып кеткенін мәлімдеді. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Тағы да оқыңыз:

Астанада оқушы қызды әкесінің көз алдында көлік қағып өлтірді

Әке, өлсем осы жердегілер жауап береді: Семейде сотталушы түрмедегі азапқа шыдамай шеге жұтқан

Шымкентте жұрттың көзінше сүйісіп отырған екі қыз елдің ашуына тиді (фото)

Талқылау