Оралда ана мен бес бала газдан уланды: Әкімдік нақты мән-жайды айтты

Батыс Қазақстан облысы Зашаған кентінде көпбалалы отбасы тұрмыстық газдан уланып қалды. Қазір зардап шеккендер ауруханада жатыр. Балалардың жасы екі мен он үш аралығында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Отбасы жалдамалы үйде тұрған. Жергілікті билік мәліметінше, оқиға қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан туындаған.
“Газ көзі бірден ажыратылып, газ құбыры залалсыздандырылды. Улану туралы хабар түскеннен кейін жедел қызмет өкілдері тарапынан қажет шаралар қабылданды”, – делінген сюжетте.
Қарағандыдағы дәмханада газ жарылып, екі адам қаза тапты (видео)
Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы тұрақты. Анасы да дәрігерлердің бақылауында.
“Газ жабдықтары ақаулы күйде болған. Ескі үлгідегі пештер қолданылып, газ оттығы пайдалану талаптарын бұза отырып қосылған. Қазір анықталған кемшіліктерге байланысты бұл үйде тұру қауіпті. Газ беру белгіленген тәртіппен мамандар тарапынан тоқтатылды”, – деді қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Меруерт Жұмаханова.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы жылу электр орталықтарының қашан газға көшетіні белгілі болғаны туралы жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты