Оралда алаяқ сиқыр көрсетемін деп алдап, қыздың сырғасын ұрлап кеткен
Орада алаяқ қызға сиқыр көрсетемін деп уәде беріп, оның сырғасын ұрлап кеткен. Бұл туралы БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
Сурет 1000tem.com
Полицияның хабарлауынша 25 маусым күні сағат 15.00 шамасында Евразия даңғылының бойындағы үй ауласында азиялық келбеттегі әйел адам 7 жастағы қыздың сеніміне кіріп алдап, сырғасын алып кеткен. Түсіндірілгендей, әйел адам оған сиқыр көрсетемін деп алдаған.
“Келтірілген шығын көлемі 13 мың теңге. Аталған іс алаяқтық деп қарастырылуда”, – деп хабарлады полиция.
Айта кету керек, алаяқ әлі ұсталмаған. Әйелдің жасы 30-35 шамасында, орта бойлы. Үстіне ала жейде киіп, иығына сөмке ілген.
Талқылау