Оралда әкесі ұлы мен әйелін өлтірген азаматтың айыптылығына сенбейтінін айтты
Батыс Қазақстан облысындағы екі әйел мен үш жасар баланы пышақтап, кейін денелерін өртеп жібергенін мойындаған 24 жастағы азаматтың айыптылығына марқұмдардың туыстары сенбей отыр.
Айтуларынша, марқұмдарды басқа адам өлтіруі мүмкін. Зашаған елдімекенінің халқын аяғынан тік тұрғызған оқиға қыркүйектің бесі күні болған, деп хабарлайды 31 арна.
Үш бірдей адамды аяусыз өлтіргенін мойындаған жігіт – осы. Сотта түрін жасырып баққан күдікті бұл қадамға сүйіктісінің өзімен бірге тұрудан бас тартқаны үшін бардым дейді. Қанды оқиға болған түні Баянсұлу есімді келіншекке қонаққа келген азамат екі әйел мен сәбиге 20 рет пышақ сұғып, кейін баспанасын өртеп жіберген деп айыпталып отыр. 23 жастағы күдікті соттың бұлтартпау шарасымен екі айға қамауға алынды.
“Күдікті…2017 жылдың 5 қарашасына дейін санкциялансын”, -деді Орал қалалық сотының судьясы Раушан Ысмайылова.
Ал ұлы мен жұбайын бір күнде жерлеген Мереке Серікжан кінәсін толық мойындаса да, күдіктінің айыптылығына сенбеймін деп отыр. Тіпті, азамат жақындарының басқа адамның қолынан қаза болуы мүмкін дейді. Ал тәртіп сақшыларының берген ақпараты та күмән келтіреді дейді.
“Тұрғысы кеп, тұрмағандықтан өлтірдім деген қарапайым сияқты боп көрінеді. Енді адам тұрмады деп, құрбысын баланы өлтіруге болмайды ғой. Мүмкін емес. Адам бір кісімен тұрмағаны үшін… Басқа причина ма, мүмкін басқа кісі ма”, – дейді қайтыс болған Баянсұлу Серікжанның жұбайы Мереке Серікжан.
Мереке Серікжан полицияның жұмысына көңілі толмайтынын айтады. Өйткені осы уақытқа дейін қамауға алынған азаматпен бетпе бет кездеспедім дейді. Сөзінше, ұзақ уақыттан бері бірге тұрмаған марқұм Баянсұлумен Мереке Серікжан ресми түрде ажыраспаған екен. Ал қайтыс болған ұлы, тірі болса қараша айында үш жасқа толар еді.
Қайғылы оқиға 5 қыркүйек күні болды. Күдікті қылмысы үшін 15 жылдан 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
Алматыда тоңазытқыштан табылған балаларды өгей әкесі өлтірген болуы мүмкін
Қазақстанда пішіні сопақ күміс тиындар айналысқа шықты
Ақмола облысында 12 жасар қыз анасына есірткі сатуға көмектескен