Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 60-қа жуық адам зардап шеккен жантүршігерлік апатқа кінәлі анықталды

Оралда қоғамдық көліктердің жарысы жол апатымен аяқталды! Жылдамдықты шамадан тыс асырған жолаушыға лық толы автобус қаланың қақ ортасында үш бірдей көлікті соғып барып бір-ақ тоқтаған,-деп жазды КТК арнасы.

автобус

Салдарынан 58 адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің арасында жүкті әйел мен кішкентай балалар көп.

Апат таңғы тоғыздар шамасында болған. Бұл уақыт жұмысқа асыққан оралдықтардың қоғамдық көлікке лықа толатын кезі еді. Қаланың қақ ортасында екі жеңіл көлік пен 5-ші және 7-ші маршруттар соқтығысқан.
«Мен ештеңені де көріп үлгермей қалдым. Билет жинап тұрған едім. Бәрі аяқ астынан болды»,-дейді кондуктор.
Оқиға орнынан жедел-жәрдеммен 58 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың басым бөлігі басы жарылып, қолы сынғандар. Зардап шеккендердің арасында жүкті әйел мен төрт бала бар.

«Өзімнің аяғым ауыр. Негізінен бұлай дұрыс емес еді. Үнемі апат болады»,-дейді зардап шегуші Махаббат Хасанова.

Апаттан шошып қалған адамдар бірін-бірі таптап, автобустан шығуға тырысыпты. Ал жапа шеккендердің көптігінен дәрігерлерге жол шетінде тұрып көмек көрсетуге тура келді.

«Облыстық клиникалық ауруханаға апаттан зардап шеккен 17 адам жеткізілді. Біреуінің мойын омыртқасына зақым келген. Ал қалалық көп салалы ауруханаға 41 адам түсті.

Барлық 58 адамға дәрігерлерлік көмек көрсетілді»,-деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова.

Куәгерлердің айтуынша, апатқа 7-ші автобустың жүргізушісі кінәлі. Жолдағы кептелістен қашып, қарсы бетке шыққан ол алдындағы басқа автобус пен 2 жеңіл машинаны соғып бір-ақ тоқтаған.

Қоғамдық көлік тізгінінде болған адамның ереже бұзғанын полиция да растап отыр.

«Жинақталған мәліметке сүйенсек 7 бағытта келе жатқан автобустың жүргізушісі жол ережесін бұзып жеңіл автокөлікті соққан. Сосын 5 автобусты соққан. Ал бесінші автобус тағы бір жеңіл көлікті соққан»,-дейді БҚО ІІД бөлім бастығы Манарбек Нажиев.

Қазір 7-ші автобустың жүргізушісі ауруханада жатыр. Полицейлер одан түсініктеме алуда. Ал зардап шеккендердің басым бөлігі медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген. Олардың кейбірі енді маральдық материалдық шығынды өтеу үшін сотқа шағымданамыз деп отыр.

Оқи отырыңыз:

Жапонядағы барлардың бірінде маймыл даяршы болып жұмыс істейді

Жас жігіт өзін мазақ еткен жеткіншектен кек алу үшін оның анасымен төсектес болды

Аю өзіне сүт бермек болған ер адамның қолын қоса жеп қойды (видео)

Ресейлік бала күтушісі балаларды ұятсыз фильмдермен тыныштандыратынын айтып мақтанды

Талқылау