Оралда 5 жасар бала MMA жаттығуы кезінде жарақат алып, бір көзінен айырылды
Фото: instagram.com/uralsk_week
Оралда 5 жасар бала MMA жаттығуы кезінде жарақат алып, бір көзінен айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Надежда” басылымының дерегінше, 5 жасар Ерсұлтанның анасының айтуынша, ұлы Arashi MMA секциясына жаттығу басталғанға 10 минут қалғанда келіп, басқа балалармен ойнап жүрген. Сол сәтте 15 жастағы жасөспірім оған трактор дөңгелегін лақтырған, соның салдарынан бала құлап, көзін жылу батареясына соққан. Балаға екі ота жасалса да, көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмады. Балаға мүгедектік мәртебесі берілді.
Полиция департаменті жаттықтырушы мен жасөсіпірімге қатысты екі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Алайда, кейіннен екі қылмыстық іс те, жәбірленушінің ата-анасының келісімінсіз тоқтатылыпты. Себеп ретінде полиция департаменті қылмыстық құрамның болмауын, ал жасөспірімнің қылмыстық жауапкершілік үшін тым жас екенін көрсеткен.
"Сүйектері мен тісі сынған": Астанадағы спорт кешенінде 8 жасар қыздың үстіне шкаф құлап кетті
Ақтауда 3 жасар баланың үстіне 50 келілік аттракционның бір бөлігі құлап кетті (видео)
Баланың анасының айтуынша, спорт секциясында қауіпсіздік ережелері сақталмайтын көрінеді. Әйел әртүрлі жастағы балалар бірге жаттығатынын атап өтті. Кейде жаттықтырушының өзі келмей, балаларды үлкенірек тәрбиеленушілерге сеніп тапсырады екен.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 5 жасар қыз аттракционға мінемін деп саусағынан айырылғаны туралы жазған едік.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
