Оралда 4 адам көз жұмған жол апатында марқұмдардың алтыны мен ақшасын ұрлап кеткен (видео)
Жол апатынан қаза болғандардың туыстары қайғылы оқиға кезінде марқұмдардың бағалы заттары тоналғанын айтты.
Орал-Ақсай жолында жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам мерт болған еді. Жақындары марқұмдардың алтындары мен ақшасы жоғалып кеткенін айтты, деп хабарлайды «KazINFO Today».
«Әпкем Айнагүл Есмальярованың алтын сырғасы мен жүзігін шешіп алған. Ол алтындарды тірі кезінде ешқашан шешпеген еді», – дейді Аманжол Көпеев.
20 жастағы марқұм Салтанат Әділованың жақындары да оның ақшасы бар әмияны жоғалғанын айтады.
«Немеремнің сөмкесі ашық жатты. Барлық заттары орнында тұр. Тек ақшасы жоқ», – дейді марқұмның атасы.
Марқұм болған Айнагүл Есмальярова мектепте есепші болып жұмыс істеген. Оның артында 10 жасар қызы қалды.
36 жастағы Әсима Нұрманова да есепші болып қызмет атқарған. Ол апат болар күні баспана сатып алу мәселесімен Оралға асығып бара жатқан. Оның артында 17 жастағы ұлы қалды.
Тағы да оқыңыз:
Еркін Рақышев: Мұрағаттар ашылса, халық Тұрар Рысқұловты сатқын деп ойлайды
Алматыда 23 жастағы қыз жаңбыр суына толған арыққа батып кетті