Оралда үш баланың анасы манты тамағынан уланып көз жұмды
46 жастағы әйелдің өлімінің себебі тамақтан болғаны анықталды. Марқұм әйелдің балаларымен ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
ІІД-нің баспасөз қызметі отбасының манты тамағынан уланғанын айтты. Балалардың үлкені манты жеуден бас тартқан. Оған тамақ бұзылған секілді көрініпті. Анасы уланған жерде бірден көз жұмды. Үш баласы да ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Уральская неделья.
Оқиға 25 тамыз күні болған. Денсаулық сақтау басқармасы 1971 жылғы әйелдің мерт болғанын мәлімдеген еді. Марқұм әйелдің балалары жансақтау бөліміне жатқызылған. Оларға гастроэнтероколиттің ауыр түрі, 2-3 дәрежелі экзикоз диагнозы қойылды.
Cальмонеллёз адамдар мен жануарлардың асқазынанда болатын инфекция. Ол Salmonella түрінен тарайтын көптеген бактериялар тудырады.
Тағы да оқыңыз:
Оралда өртенген үйден өлі табылған үш адамды жас жігіт өлтірген болып шықты
Таразда елдің үрейін ұшырған қанішер адамдарды өлтіріп, денесін қала шетіне көміп кетіп отырған
Павлодарда бұрынғы полицей өз қыздарын бірнеше жылдан бері зорлап келген