"Жыныс мүшесінің қанағанын байқаған": Қазақстандық әйел қызын балабақша басшысы зорлады деп айыптады

Фото: Ru.freepik.com
Оралда әйел 2 жасар қызының “Happy Time” балабақшасынан үйге келгенде жыныс мүшесінің қанап кеткенін көрген. Ол бұл жағдайға балабақша иесінің қатысы бар деп күдіктенеді. Қыздың анасы видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жантүршігерлік жағдай осыдан 9 ай бұрын болған. Анасы 1 жас 11 айлық қызының жыныс мүшесінің қанап тұрғанын киімін шешкенде байқаған.
“18 ақпан күні қызым “Happy Time” балабақшасынан жыныс мүшесінен жарақат алып келді. Шешіндіргенде қатып қалған қанды, жыныс мүшесінің жыртылып кеткенін және оның әлі де қанап тұрғанын көрдім. Тәрбиешілерге хабарластым. Олар ештеңе білмейміз деді. Бірден жедел жәрдем шақырдым. Гинекологқа барып тексерілдік. “Жарақат алған, не болғанын айтпады ма” деп сұрады. Ол арыз жазып, сараптама жасатып, жұғынды алуға кеңес берді”, – деп жазды анасы.
19 ақпан күні ол балабақшаға бейнекамераларды көруге барған. Түскі уақытта қызының әжетханада ұзақ уақыт отырып қалғанын байқаған. Сондай-ақ тәрбиешісі бірнеше рет кірген.
“Жанында көмекшілері жоқ. Түскі ұйқы кезінде қызымның жанына 3 апайы келіп отырды. Камерадағы жазбаны алғаным жақсы болған. Әйтпесе балабақша иесінің іште жүріп, балалардың әжетханасынан кіретінін білмейтін едім. Жасырын есігі бар екен. Мұны Абай бөлімшесі мен Орал қалалық прокуратурасы жылы жауып қойды. Арыз жаздым, бірақ іс әрең жүріп жатыр”, – дейді әйел.
Айтуынша, қазір қолында барлығы бар: камерадағы жазба, гинеколог мен педиатрдың тексерген қағазы, сол сәтте түсірілген суреттер мен видеолар. Ол Орал қалалық прокуратурасына екі рет арыз жазған. Одан eӨтінішпен Астанаға жазған. Олар Оралға қайта жіберген. Сөйтіп Абай бөлімшесі істі қайта жауып тастаған.
Ананың жанайқайы желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Олар авторға қолдау көрсетіп, жазба астына жаппай жауапты органдарды белгіледі.
“Сұмдық, бұларды қашан тексереді? Балаларымыз үшін қорқамыз”, “Оңбағандар”, “Масқара”, “Бұл әлі бала ғой”, “Балабақшаның өзінде осындай жағдай болып жатыр”, “Балабақшаны жауып тастау керек”, – дп жарыса жазды желідегілер.
Болған жағдайға қатысты Батыс Қазақстан облысының полициясы пікір білдірді. Ведомство істің тоқтатылғанын мәлімдеді.
“2025 жылы 19 ақпанда Абай аудандық полиция бөліміне қала тұрғынынан оның кәмелетке толмаған қызы балабақшада жүрген кезінде дене жарақатын алғаны туралы арыз түсті.Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, мұқият зерттелді, сот-медициналық сараптама жүргізілді, куәлардан жауап алынды, беттестірулер мен өзге де барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жасалды. Жүргізілген кешенді тергеу шараларының нәтижесінде биыл 18 маусымда қылмыстық іс тоқтатылды. Қабылданған процессуалдық шешімге қадағалаушы орган келісім берді”, – делінген хабарламада.
 
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
