Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғындары үлкен өрмекшілердің көбейгенін айтып, дабыл қақты

Оралда тұрғындар үлкен өрмекшілердің көбейгенін айтады. Сөздерінше, мамырда бұл жәндіктер қауіпті екен. Оның үстіне үйге және аулаға кіріп кететін жағдайлар жиілепті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

өрмекші

Сурет әлеуметтік желіден

Валерий есімді тұрғынның сөзінше, күн жылынғалы бері ол ауласында осымен үшінші өрмекшіні кездестірген. 

"Өрмекшілер мамырда қауіпті болады. Себебі жұмыртқа салатын мезгіл, сондықтан кеңірек жер іздейді. Бұл – табиғат, дегенмен абай болу керек. Шағып алса, өлімге алып келуі мүмкін. Біз екінші Жұмысшылар ауылында тұрамыз. Қаланың орталығы десек те, биыл үшінші өрмекшіні өлтірдім. Бұған дейін мұнда осындай өрмекшілерді кездестірмеген едім", – дейді Валерий. 

Әлеуметтік желіде де қауіпті өрмекшілер туралы жазба тараған. 

"Шай қайнатып жатқанымда қашып кеткісі келді. Сондықтан қолға түскен затпен ұрып едім, кішкентай өрмекшілер қаша жөнелді. Барлығын өлтірген сияқтымын. Қазір күн салқын әрі жел соғып тұрғандықтан, бірден жылы жерге жүгіреді. Жұмыртқа салатын жер іздеп жүрген секілді. Есікті жауып, табалдырыққа у себіңдер. Терезені жауып қойған дұрыс", – деп жазды жергілікті тұрғын желідегі парақшада. 

Мамандардың сөзінше, өрмекшілер әдетте адамдарға бірінші шабуыл жасамайды. Ал уы қауіп төндірмейді екен. Шағып алған сәтте ауырсыну байқалады, кейін тері қызарып, ісіп кетуі мүмкін. Дегенмен балаларға абай болған жөн. Салмағы жеңіл болғандықтан, у қаттырақ әсер етеді. Егер баланы шағып алса, бірден дәрігерге қаралу керек.  

Талқылау