Орал әкімі Мейіржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды
Қаланы су басқандықтан, Орал қаласының әкімі Мейіржан Сатқановқа қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі облыстық жедел штаб отырысын өткізіп, онда Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жариялады.
"Сіздер су тасқынына дайын болмадыңыздар. Тіпті қала әкімдігінің ғимараты да суға батып кетті. Мұның бәрі жауапсыздықты көрсетеді. Кеше-бүгін қаланы аралап шықтым, кейбір ықшам аудандарда жұмыс енді басталып жатыр. Орал қаласының әкіміне қатаң сөгіс жариялаймын. Қала мен аудандар күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек. Жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаңыздар", – деді облыс әкімі.
Еске салсақ, Оралда әкімдік ғимаратын еріген қар мен жаңбыр суы басып қалған еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі