Оралда әкімдік ғимаратын еріген қар мен жаңбыр суы басып қалды
Оралда 26 наурызда толассыз жауған жаңбыр салдарынан әкімдік ғимаратын су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңбыр мен еріген қар суы әкімдіктің жертөлесін басып қалған. Мұнда жер қатынастары басқармасы орналасқан.
Қазіргі таңда коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан өтініш-шағым да көбейіпті. Мәселен, бірнеше күннің ішінде 249 мекенжай бойынша 600-ге жуық өтініш қабылданған.
Ақтөбе облысында төрт жасар бала шалшық суға тұншығып көз жұмды
Еске салайық, бұған дейін Қостанай облысында еріген қар суы бірнеше тұрғын үйді басып қалғаны туралы хабарлаған едік. ТЖД дерегіне сәйкес Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, Саяжай төрт елді мекендерінде 12 жеке тұрғын үй мен 20 ауланы су басты. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды