Oracle компаниясының иесі Ларри Эллисон әлемдегі ең бай адамдар тізімінде Илон Маскты басып озды
Фото: Getty Images
Oracle компаниясының негізін қалаушы Ларри Эллисон әлемдегі ең бай адамдар тізімінде Илон Маскты басып озды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Bloomberg есебіне сәйкес, Oracle акцияларының құнының өсуіне байланысты IT-концерннің негізін қалаушылардың бірі Ларри Эллисон әлемдегі ең бай адам атанып, Илона Маскты артта қалдырды. Алайда Forbes деректеріне сәйкес, Илон Макс әлі бірінші орында.
Bloomberg дерегінше, Ларри Эллисонның байлағы бір күнде 100 миллиард долларға артқан. Осылайша Эллисонның байлығы 393 миллиард долларды құрап, ал Маск 385 миллиард доллармен екінші орынға төмендеген.
Алайда, Масктың байлығын 463 миллиард доллар деп бағалайтын Forbes журналының мәліметінше, Tesla компаниясының басшысы әлі де бірінші орында. Себебі, Масктың байлығын есептеу күрделірек. Эллисонның активтері негізінен Oracle-дегі үлесіне байланысты болса, Масктың жағдайында тек Tesla үлесі ғана емес, сонымен қатар биржада саудаланбайтын компаниялардағы үлестері де ескерілуі тиіс. Мысалы, ғарыш техникасын өндіретін SpaceX және жасанды интеллект саласындағы xAI компаниялары.

"30 мың теңгеге азық-түлік аламын", "ажырасқандар салық төлесін": Көпшіліктің сынына ұшыраған депутат Ардақ Назаровтың даулы мәлімдемелері
