Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Oracle компаниясы бүкіл әлем бойынша мыңдаған қызметкерін электрондық пошта арқылы жұмыстан шығарды

Фото: Getty Images

Америкалық бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын Oracle компаниясы өз тарихында ең көп қызметеркелрін қысқартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Newsru.co порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Нақты қанша адам жұмыстан кеткені айтылмаған. Бірақ шамамен 20–30 мың қызметкерге (АҚШ, Үндістан және басқа елдерде) жұмыстан босатылғаны туралы хат жіберілген.

Ең қызығы – қызметкерлерге алдын ала ескерту де, қоңырау да, жеке сөйлесу де болмаған. Бірден email-ға: "бүгін – соңғы жұмыс күніңіз" деген хат жіберген. Сол сәтте-ақ жұмыс жүйелеріне кіру мүмкіндігі жабылған.



Желіде тағы бір ақпарат тарады. Компания қызметтік компьютерлерге бақылау бағдарламасын орнатқан болуы мүмкін. Сондықтан қысқартылған қызметкерлерге файлдар мен кодтарды көшірмеу туралы ескерту жасалған.

Бұл шешім Oracle-дың жасанды интеллект бағытына көңіл бөлуімен байланысты. Компания енді ЖИ үшін үлкен дата-орталықтар салуға ақша бағыттап жатыр. Сарапшылардың айтуынша, осы қысқарту арқылы 8–10 миллиард доллар үнемделуі мүмкін.

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Сәуір, 2026 17:53