Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынды

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёлдың жары Ким Кон Хи 13 тамызда жалғыз адамдық камераға қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның қамауға алынуына сыбайлас жемқорлық айыптары себеп болды. Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы бағалы қағаздар нарығындағы алаяқтық, сайлау нәтижесіне ықпал етуге тырысты және саяси пайдаға айырбас ретінде қымбат сыйлықтар алды деген күдікке ілінді.

Прокурорлардың мәліметінше, Кон Хи Оңтүстік Кореядағы BMW дилері Deutsch Motors акцияларына қатысты бағаны белгілеу схемасына қатысу арқылы 800 миллион воннан (314 320 000 теңге) астам пайда тапқан. Бұл күйеуі елдің көшбасшысы болып сайланғанға дейін болған. Дегенмен бұл әрекет оның президенттігі кезінде де алдынан шықты.

Бұрынғы бірінші ханым даулы Бірлестік шіркеуінен іскерлік жеңілдіктер үшін пара ретінде екі Chanel сөмкесі мен гауһар тасты алған деген болжам бар. Сондай-ақ ол 2022 жылы парламенттік сайлау және 2024 жылғы жалпы сайлау кезінде кандидаттарды ұсынуға кедергі келтірді деп айыпталған. Дегенмен 52 жастағы Ким Кон Хи тағылған айыпты жоққа шығарды. 


Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозиция өкілі жеңіске жетті


Бөлмені 6 ай бойы жинатпады: Қазақстандық қыз Оңтүстік Кореядағы қонақүй қызметшісі жұмысы туралы айтып берді


"Маңызды адам болмасам да, қиындық тудырғаным үшін шын жүректен кешірім сұраймын", – деді ол журналистерге.

Сот төрт сағаттық тыңдаудан кейін оны қамауда ұстауды бұйырды. Себебі ол босатылған жағдайда айғақтарды жойып жіберуі мүмкін екен. 

Юн Сок Ёл мен Ким Кон Хи Оңтүстік Корея тарихында бір уақытта қамауда отырған алғашқы президенттік жұп болмақ. 

Айта кетейік, арнайы прокурор Мин Чжун Гидің командасы өткен аптада Ким Кон Хиді "Капитал нарығы", "Саяси қорлар" және "Көпір үшін пара алу туралы" заңды бұзды деген айыппен қамауға алу туралы ордер беруді сұраған. 

Еске салсақ, құқық қорғау органдары Оңтүстік Корея президенті бүлік шығарды деп айыптап, парламент оған импичмент жариялап, биліктен шеттеткен. Президенттің міндетін атқарушы қызметіне Хан Дук Су тағайындалған.

Юн Сок Ёльдің адвокаттары тергеушілердің оны қамауға алуына негіз жоқ екенін айтты. Өйткені конституция президентке әскери жағдай жариялауға мүмкіндік береді.

Сол кезде Оңтүстік Кореяның тергеушілері президент Юн Сок Ёльді тұтқындай алмаған еді. Бірақ 15 қаңтарда қамауға алу туралы ордер беріліп, президентті изоляторға алып кетті.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 11:53
Талқылау
`