Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореяға ұшып бара жатқан ұшақ қалта қуаттағышы құлағандықтан, Қазақстаннан кері қайтты

Фото: Freepik.com

Түркиядан Оңтүстік Кореяға ұшқан ұшақ жолаушының қалты қуаттағышы кесірінен Қазақстанның үстінен айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Haberler басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Asiana Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Ыстамбұл әуежайынан Сеулге ұшты. Ұшу кезінде Boeing 777 жолаушысы орындықтардың арасына пауэрбанкты түсіріп алған. Бұл ұшақ Қазақстанның үстімен ұшып бара жатқанда болған.

"Ол құрылғыны ала алмай, жағдайды кезекші стюардессаға хабарлады. Алайда бортсеріктер де портативті зарядтағышты алып тастай алмаған. Сол үшін ұшақ командирі келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін Ыстамбұлға оралуды ұйғарды", – деп жазады басылым.

Нәтижесінде ұшақ қайтып оралып, Ыстамбұл әуежайына қонды. Себебі жуырда Оңтүстік Кореяда 170 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған ұшақ бортында қалта қуаттағышы жарылып, өрт шыққан еді. Олар осының алдын алу үшін қайтып кетті.

Осы оқиғалардан кейін азаматтық авиацияның бас басқармасы әуекомпанияларға ұшу кезінде қалта қуаттағышын пайдалануға тыйым салуды ұсынды.

Еске салсақ, ,2024 жылдың 29 желтоқсанында Оңтүстік Кореяның Муан әуежайында ұшақ апаты болып, 179 адам көз жұмған еді. Ал кейін  Пусан қаласындағы әуежайда ұшуға дайындалып жатқан Air Busan әуекомпаниясының ұшағы өртеніп кетті. Бортта 176 адам болған еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 31 Шілде, 2025 16:16
Талқылау
`