Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозиция өкілі жеңіске жетті

Фото: Yonhap.com

Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында Тобуро Демократиялық партиясының кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ли Чжэ Мён экс-мемлекет басшысы биліктен кеткеннен кейін жарияланған кезектен тыс президенттік сайлауда 49,2 пайыз дауыс жинады. 

4 маусымда Ұлттық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің 96,74 пайызын санап шықты. Ли Чжэ Мённің консервативті Халықтық билік партиясынан қатысып жатқан басты қарсыласы Ким Мун Су 41,4 пайыз дауыс жинап, жеңілгенін мойындады.

"Мен халықтың шешімін кішіпейілділікпен қабылдаймын. Ли Чжэ Мёнді жеңісімен құтықтаймын", – деді Ким Мун Су. 

Ұлттық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін растаған бойда Ли Чжэ Мён президенттік қызметке кіріседі.



Оңтүстік Кореядағы 21-ші президенттік сайлауға 79,4 пайыз адам қатысқан. Бұл 1997 жылдан бері орын алған ең жоғары көрсеткіш.

Еске салсақ, құқық қорғау органдары Оңтүстік Корея президенті бүлік шығарды деп айыптап, парламент оған импичмент жариялап, биліктен шеттеткен. Президенттің міндетін атқарушы қызметіне Хан Дук Су тағайындалған.

Юн Сок Ёльдің адвокаттары тергеушілердің оны қамауға алуына негіз жоқ екенін айтты. Өйткені конституция президентке әскери жағдай жариялауға мүмкіндік береді.

Сол кезде Оңтүстік Кореяның тергеушілері президент Юн Сок Ёльді тұтқындай алмаған еді. Бірақ 15 қаңтарда қамауға алу туралы ордер беріліп, президентті изоляторға алып кетті.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 04 Маусым, 2025 11:56
Талқылау