Оңтүстік Кореяда салынып жатқан метро опырылып түсті
Оңтүстік Кореядағы Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Кванмён қаласындағы метро құрылыс алаңында опырылу оқиғасы болды. Жұмысшылардың бірі әлі табылмай жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YonhapNews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Yonhap
Жұма күні сағат 15:13-те Синансан желісінің құрылыс алаңы опырылу түсті. Салдарынан жер үстіндегі жолдың бір бөлігі құлап, бірнеше ғимаратқа зақым келді.
Алғашында бес жұмысшыға із-түссіз жоғалып кеткен еді. Кейін үшеуі тірі табылып, ал тағы бірі – 20 жастағы экскаватор жүргізушісі – төтенше жайдайдан кейін 13 сағат өткен соң жер астындағы шамамен 30 метр тереңдіктен құтқарылды. Тағы бір жұмысшыдан хабар жоқ.
Қазір билік шамамен 50 жастағы бесінші жұмысшыны іздестіріп жатыр. Іздеу үшін жеті құтқарушы ит пен арнайы жабдықтар жұмылдырылды.
Полиция мен құтқарушылар әзірге жоғалған жұмысшының нақты қай жерде екенін білмейді. Тіпті қайда екенін оның ұялы телефоны арқылы да анықтай алмай жатыр. Қалада толассыз жаңбыр жауады деген болжам бар. Сондықтан құтқарушылар жұмысшыны тауып, іздестіру жұмыстарын мүмкіндігінше тез аяқтау қажет.
Метро опырылғаннан кейін шамамен 2 400 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Қауіпсіздік тексерілгеннен кейін түн жарымында эвакуациялау туралы бұйрық жойылды. Түнімен бассауғалауған 220-ға жуық адам үйлеріне оралды.