Оңтүстік Кореяда әскерилер бомбаны тұрғындар бар аймаққа тастай салған (видео)
Оңтүстік Кореяда әскери әуе күштері жауынгерлік жаттығу кезінде абайсызда сегіз бомбаны қателесіп алаңнан басқа аймаққа тастады. Салдарынан Сеулге жақын жерде 15 шақты адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: reuters.com
Оқиға 6 наурызда болды. Әскери-әуе күштерінің мәліметтеріне сай, жаттығуларға қатысқан жауынгерлер таңертеңгі сағат 10:04-те Пхочхоне полигоннан тыс жерде әрқайсысы төрт MK-82 бомбасын абайсызда тастаған.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, снаряд Сеулден солтүстікке қарай 40 шақырым жерде орналасқан Пхочхоне қаласындағы үйдің жанындағы жолға құлаған. Нәтижесінде 15 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Оның ішінде екі сарбаз және екі шетелдік бар. Сегіз ғимарат, соның ішінде шіркеу мен жүк көлігі зақымданған.
Фото: reuters.com
Өрт сөндіру қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, зардап шеккен екі адам ауыр жарақат алған. Зақым көргендердің көпшілігінде сүйектердің сынуы диагнозы қойылған. Барлық зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.
Әуе күштері бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатқанын айтып, бейбіт тұрғындаран кешірім сұрады.
"Біз абайсызда бомба тастау салдарынан бейбіт тұрғындарға келтірілген зиянға өкінеміз және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Келтірілген залал үшін өтемақыны қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қолданамыз", - делінген әуе күштерінің хабарламасында.