Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея Ресейді Солтүстік Корея сарбаздарын елден дереу шығаруға шақырды

Оңтүстік Корея Ресейді Солтүстік Корея сарбаздарын Қиыр Шығыстан дереу шығаруға шақырды. Бұл сарбаздар Украинаға қарсы соғысқа жіберілген. Ал Ресей тарапы болса, Пхеньянмен достығы Сеулге қатысы жоқ екеніне сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ВВС

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ким Хон Гюн Ресейді Солтүстік Кореяәскерлерін елден дереу шығаруға және тиісті ынтымақтастықты тоқтатуға шақырды. Ол Мәскеу мен Пхеньянның әскери саласындағы серіктестік "Оңтүстік Корея мен халықаралық қауымдастыққа үлкен қауіп төндіретінін" және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарларын бұзатынын атап өтті.

Дипломат заңсыз әскери ынтымақтастықты, соның ішінде Солтүстік Корея әскерлерін орналастыруды қатаң түрде айыптады. Оңтүстік Корея өкілдері мұны тоқтатпаса барлық мүмкіндігімен жауап беретінін қатаң ескертті. 



Бұған жауап ретінде Ресей елшісі Мәскеудің Пхеньянмен серіктестігі Корея Республикасының қауіпсіздік мүдделеріне қарсы емес және халықаралық құқықтар аясында жүзеге асырылғанына сендірді.

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның Ресейге әскер жібере бастағанын мәлімдеген еді.

Талқылау