Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея Ресей азаматтарын кіргізуден бас тартты

Оңтүстік Корея кемелермен келген ресейліктерге кіруге рұқсат бермеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап.

корея порт

Ресейдің 20-дан астам азаматы Ресей порттарынан Азия еліне жүзіп келді, бірақ көпшілігіне кіруге рұқсат берілген жоқ. Тек екеуіне ғана шекарадан өтуге рұқсат етілді. Корея билігі бас тартудың себебі – мигранттардың “негізсіз” мақсатпен келуі деді.

Агенттіктің хабарлауынша, кемелердің бірінде бес адам болған. Олар Владивосток портынан Оңтүстік Кореяның Уллын аралына жүзіп келді. Оларға кіруге тыйым салынғанымен, бірақ тамақпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетілген.

Сондай-ақ, Пхоханда үш кеме байқалды. Олардың бірінде тоғыз адам, оның ішінде әскерге шақырылған ер адамдар болды.

Корея әділет министрлігі ресейліктердің кіруіне неліктен тыйым салынғаны туралы нақты айтпады. Алайда ресейліктер Оңтүстік Кореяның саяхатқа рұқсат беру электронды жүйесі арқылы алдын ала рұқсат алса, олар елге визасыз кіре алады.

Арнайы әскери операция басталғаннан кейін көптеген елдер ресейліктерді қабылдаудан бас тарта бастады. 19 қыркүйектен бастап Латвия, Литва, Эстония және Польша ресейліктерге кіруге тыйым салды.

30 қыркүйекте Финляндия Ресеймен шекараны жауып тастады. Шектеулерге қарамастан,  ресейліктердің негізгі ағымы Қазақстанға, Грузияға, Моңғолияға және Арменияға кетті.

Талқылау