Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қамаудан босатылды

Бүлік шығарды деп айыпталып, қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль бостандыққа шықты. Корея прокуратурасы соттың президентті босату туралы шешіміне шағымданбайтын болып шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: AP Photo/Chung Sung-Jun

Ренхап басылымының мәліметінше, Президентті тергеу изоляторынан босату туралы шешім 15 қаңтар күні сот оның бас бостандығынан айыру туралы үкімнің күшін жою туралы шешім қабылдағаннан кейін, 27 сағаттан соң шығарылды.

Прокуратура бұл шешімге апелляциялық шағым түсіре алар еді, бірақ олай етпеді.

Президенттің адвокаты Сок Дон Хен Юн Сок Ёлді прокуратураның апелляциялық шағым түсіре алатынына байланысты мерзімінен бұрын босатылмайтынын атап өтті. Оның сөзінше, прокуратураға апелляциялық шағым түсіруге мүмкіндік беретін құқықтық механизм конституцияға қайшы деп танылды.



Еске салсақ, құқық қорғау органдары Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёлді 2024 жылы 3 желтоқсан күні бүлік шығарды деп айыптап, парламент оған импичмент жариялап, биліктен шеттеткен. Президенттің міндетін атқарушы қызметіне Хан Дук Су тағайындалған.

Юн Сок Ёльдің адвокаттары тергеушілердің оны қамауға алуына негіз жоқ екенін айтты. Өйткені конституция президентке әскери жағдай жариялауға мүмкіндік береді.

Сол кезде Оңтүстік Кореяның тергеушілері президент Юн Сок Ёльді тұтқындай алмаған еді. Бірақ 15 қаңтарда қамауға алу туралы ордер беріліп, президентті изоляторға алып кетті.

Талқылау