Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея парламенті президенттің міндетін атқарушыға да импичмент жариялады

Оңтүстік Корея парламенті президенттің міндетін атқарушыға импичмент жариялауға дауыс берді. Бұл елдегі соңғы айдағы екінші импичмент. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еn.yna.co.kr порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: YONHAP/ EPA / ТАСС

“Ренхап” агенттігінің деректеріне сүйенсек, Хан Док Су-ға қарсы импичментке Ұлттық ассамблеяның 192 депутаты дауыс берген.

Хан Док Су Оңтүстік Кореяның премьер-министрі қызметін атқарады. Ол 14 желтоқсанда Юн Сок Ёльге импичмент жарияланғаннан кейін ел президентінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.



Президенттің міндетін атқарушы Хан Док Суға импичмент 26 желтоқсанда бұрынғы президенттің импичмент ісін қарау үшін конституциялық соттың қосымша судьяларын тағайындаудан бас тартқаннан кейін жасалды. Сондай-ақ, тағы бір себеп желтоқсан айының басында ол Оңтүстік Кореяда соғыс жағдайын енгізуге қатысқаны болды.  

Еске салсақ, бұған дейін Оңтүстік Корея Парламенті ел президенті Юн Сок Ёльге елде әскери жағдай енгізгені үшін импичмент жариялаған еді

Талқылау