Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да кәсіпкер 2 млн теңгеге ЭКСПО билетін сатып алып, жағдайы жоқтарға сыйлады

Астана қаласында биыл EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесi өтеді. Оңтүстік жұртшылығы қазірдің өзінде билеттерді жаппай сатып алуға көшкен. Оның ішінде өңірдегі қалталы азаматтар өз қаржыларына билет алып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен мүгедектерге және де ардагерлерге сыйлық ретінде тарту етуде.

f1f6f8b724dd3eeea54b0c31ccf6bbda_resize_w_520_h_

Оңтүстікқазақстандық кәсіпкер 2 миллион теңгеге “ЭКСПО-2017” билетін сатып алды деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Астана қаласында биыл өтетін “EXPO-2017” халықаралық мамандандырылған көрмесiнің билеттерін Оңтүстік жұртшылығы қазірдің өзінде жаппай сатып алуға көшкен. Оның ішінде өңірдегі қалталы азаматтар өз қаржыларына билет алып, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар мен мүгедектерге және де ардагерлерге сыйлық ретінде тарту етуде. Осындай игі бастаманы қолға алған азаматтың бірі облыс депутаты, түркістандық кәсіпкер — Рахым Тәңірбергенов.

Белсенді азамат Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесі мен Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласына қолдау білдірген жастар мен ұлттық аспаптар оркестрінің қатысуымен өткен шараға қатысып, елордада өтетін көрмеге 2 миллион теңгеге 500 билетті өз қаражатына сатып алғанын айтты.

“ЭКСПО-2017″ көрмесіне әрбір азамат атсалысуы тиіс деп есептеймін. Өйткені бұл өте маңызды шара. Елімізге әлемнің 100-ден астам мемлекеттен қонақтар келгелі отыр. Сондықтан осындай ауқымы зор шарадан оңтүстікқазақстандықтар да сырт қалмауы тиіс деп ойлап, бүгін өз қаражатыма 500 билет сатып алып отырмын. Бұл билеттерді өзіме қарасты мекемеде ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген азаматтарға ұсынамын. Сонымен қатар, жаз айында көрмеге бару үшін арнайы автобустар ұйымдастырып, түркістандықтарды өз есебімнен Астанаға апарып қайтамын”, — дейді Рахым Көлбайұлы.

Талқылау