Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да халқы қар ерітіп ішіп отырған ауыл Қазақстан картасында жоқ болып шықты

Ауыл тұрғындары билік өкілдеріне айтып бірнеше рет шағымданған. Бұл туралы otyrar.kz  хабарлады.


Бірақ, Қазығұрт ауданы бойынша ТКШ басшысы қызметін атқарушы Дөненбай Есболханов “жақында шешіледі” деп алдап келген. Алайда облыстық әкімдік Қазығұрт әкімдігінен ешқандай өтініш түспегенін мәлімдеді.

Ресми тіркелмеген ауыл Қазығұрт ауданында орыналасқан. Бұл елді мекеннің бұрынғы атауы – Жантақсай. Қазіргі уақытта мүлде атаусыз қалған. Тіпті, кадастрлік нөмірі де жоқ екен.

Онда Өзбекстаннан көшіп келген 120 оралман отбасы 9 жылдан бері тұрады.  Суды жазда бұлақтан алса, қыста еріген қар суын ішіп отыр. Балалар мектепке  бару үшін бірнеше шақырымдық жапан даламен жүріп өтеді.

Бұл ауыл 2000-жылдары құрылған. Басшылар оралмандарға жер беріп, қажетті коммуникациямен қаматамасыз етеміз деп уәде берген. Олар қазіргі уақытқа дейін ауыл туралы естерінен шығарған.

Жергілікті басылымның мәліметінше, мұндай оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында бірінші рет болып тұрған жоқ. 2016 жылы Сарыағаш ауданында 205 отбасы тұратын ауыл картада жоқ болып шықты. Олардың мемлекеттік актілері мен құжаттары жарамсыз деп танылған болатын.

Тағы оқыңыз: 

Қазақстан ең кедей мемлекеттердің ондығына кірді

“100 жаңа есім” жобасында білікті дирижер атанған Ерлан Бақтыгерей айлықтың аздығынан аспазшы болып кетті

Жүрсін Ерман: Теріс ағымдағылар айтыскерлерді өз мақсатында пайдалануға көшті

Талқылау