Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алаяқ танымал онлайн ойын арқылы балалардан ақша ұрлаған

Фото: stock.adobe.com

Түркістан облысында жасөспірімдер арасында танымал Free Fire онлайн ойыны арқылы жасалған алаяқтық дерегі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, Жетісай ауданының тұрғыны полицияға арызданып, банк есепшотынан қаражатының заңсыз шешілгенін хабарлаған.

“Белгілі болғандай, жәбірленушінің кәмелетке толмаған туысы телефоннан Free Fire ойынын ойнап отырған сәтте оған бейтаныс азамат байланысқа шыққан. Ойын барысында күдікті түрлі уәде беріп, "бонустар" мен "ұтыстарды" алға тартып, жасөспірімнен банк картасының деректері мен телефонға келген SMS-кодты сұрап алған. Соның салдарынан жәбірленушінің есепшотынан 380 мың теңге жымқырылған”, – делінген хабарламада. 

Қазақстандық әйел гүл жеткізу қызметінің жалған курьеріне алданып, 7,5 миллион теңгесінен айырылды

Қазақстандықтар 8 наурызда жаппай алаяқтарға ұрынады: Полиция ескерту жасады


Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Күдіктіден алаяқтық әрекеттерге пайдаланылған 5 телефон тәркіленген.

Сондай-ақ күдіктінің 60-тан аса жасөспіріммен ойын арқылы байланысқа шығып, олардың 20-дан астамынан ақша алғаны анықталды.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте үлгерімі төмен студенттер TikTok-тағы алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 20:05