Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Онлайн қосылу үшін теледидар болмауы мүмкін”: Пашинян мен Лукашенко Арменияның ЕЭАО-ның келесі отырысына қатысуын талқылады

Никол Пашинян мен Александр Лукашенко Арменияның ЕЭАО-ның келесі отырысына қатысуын талқылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Ресейде өтіп жатқан ЕЭАО елдері басшыларының кездесуіне Армения премьер-министрі бейнебайланыс арқылы қатысты. Лукашенко бұл мәселеге қатысты пікір білдірген.

“Мен отырысқа қатысушылардың онлайн байланысқа шығып бізбен одақтастығы туралы айтқаны дұрыс емес деп санаймын. Никол Пашинян мырза мұның сізге қатысы жоқ. Өйткені сақалыңызды алып қана қоймай, ауырып та қалыпсыз. Сізді одағымыздыі жаңа, жас мүшесі ретінде қабылдадық”, – деді Лукашенко.



Әңгіме барысында Никол Пашинян Минскіде өтетін ЕАЭО-ның келесі отырысына да онлайн қатысатынын мәлімдеген.

“Рахмет, біз ЕЭАО-ның келесі отырысының Минск қаласында өтуіне ешқандай қарсылығымыз жоқ. Бірақ алдын ала біздің делегация онлайн түрде қосылатынын айтқым келеді”, – деді Пашинян.

"Минск сізге қатты алыс па? Әлде алып келетін ешкім жоқ па? Қаласаңыз делегацияңызды жеткізуге көмек көрсете аламыз", – деді Лукашенко.

Пашинян бұл мәселе бойынша мәлімдеме жасағанын айтқан.

"Біз сіздің өтінішіңізді қарастырамыз. Онлайн қосылуға теледидар болмауы мүмкін", – деп жауап берді оған Лукашенко.

"Егер әлі күнге дейін теледидар мәселесін шеше алмаған болсаңыздар, бұл жағдайға түсіністік танытамын", – деп жауап берді Пашинян.

Армения мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары нашарлаған. Ереван Минскіні Таулы Қарабақтағы соғыста Әзірбайжанды қолдады деп айыптайды. Жазда Пашинян Лукашенко президент болып тұрған кезде Беларуське бармайтынын хабарлаған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Армения премьер-министрі Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне қатысудан бас тартқан еді.

Талқылау