Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қылмыстан тапқан табысы 3,8 миллиард теңге": 1WIN онлайн-казино ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі онлайн-казино ұйымдастырып, адамды заңсыз бас бостандығынан айырды деп күдікке ілінгендерге халықаралық іздеу жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2 Қазақстан азаматы, 1 Ресей мен 1 Украина азаматы іздестіріліп жатыр. 

  • Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
  • Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Мұсалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

“Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында "1WIN" онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгеге тең”, – деді қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.



Іздеудегі адамдарды көрген не олар туралы ақпарат білетіндер осы нөмірлерге хабарласа алады:

+7-701-577-56-83 - Іздеу жұмыстары бойынша,
+7-701-121-47-65 - Іздеу жұмыстары бойынша,
+7-727-279-20-86 - кезекші бөлім.

Агенттік анонимділік сақталатынына кепілдік берді және сыйақы берілетінін айтты. 

Талқылау