Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен оған ойша ұл мен қыз туып бердім": Жәния Джуринская күйеуін алғаш көрген кезі жайлы

Жәния Джуринская күйеуін алғаш қашан және қайдан көргенін әңгімеледі. Актриса алғаш көрген сәтте-ақ, Данияр Хизметовке көз салғанын жасырмайды. Алайда сезімін білдіруге асықпапты. Себебі оның басқа сүйіктісі болған, деп жазады Stan.kz.

"Даниярмен 5 жыл бұрын "Алматы аруы" байқауында алғаш рет кездестік. Ол – жүргізуші, мен қазылар алқасының құрамында болдым. 
Сонда бірден көзім түсті, ол жүргізіп тұрды, ал мен ойша оған ұл мен қыз тауып бердім. Бірақ ол оны сол күйі білмей кетті, себебі сүйіктісі бар еді. Ал мен біреудің арасына түспеймін. 

Ойымдағы балаларымды алып, жөнімізбен кеттік. Ол үш жыл бойы басқа қызбен кездесіп жүрді, ал мен үш жыл бойы қыдырдым, саяхаттадым, өліп пәтерге ақша жинадым – қысқасы рахаттанып өмір сүрдім. Кейін сонша уақыт бойы тек оны күткенімді түсіндім", – деп жазды Жәния Instagram стористе.

Бұдан өзге, Жәния денеге татуировка салдыру және пирсинг жасатуға қатысты ойын айтты. 

"Пирсинг жасатқым келген. Сол жылдары сәнде еді. Бірақ таныстырымда оның орны ұзақ жазылды, содан айнып қалдым. 2-3 жыл бұрын кішігірім қызғалдақ түріндегі татуды қатты қаладым. Бірақ кейін назарым басқаға ауып, не қалайтынымды ұмытып қалдым. 
Негізінде ол – менің қалауым емес.

Өзімді білемін, егер қатты қаласам, жасатар едім. Маған біреу әсер еткен шығар, өзім де түсінбедім. Сондықтан өзіңді ести білу қашан да маңызды. "Бұл менің қалауым ба әлде тек басқаға жарасып тұрғаны үшін ұнай ма?" деп өзіңнен сұрау керек", – дейді Жәния.



Сондай-ақ Джуринская сырт көзге үнемі позитивті, жеңіл ойлы қыз болып көрінгенімен, өмірде мінезінің құбылмалы екенін айтып өтті. 

"Кейде агрессивті, қырсық, ерке, сөйлемейтін қыз болып кетемін. Әртүрлі боламын және күн сайын өзімнің және басқалардың бойындағы барлық қасиеттерді қабылдауға және түсіністікпен қарауға өзімді үйретемін. Әркез қолымнан келеді дей алмаймын, кейде орындықпен бір ұрғың келеді. Ондай сәттерде: "барлығына Құдайдың көзімен қара" деген тіркес көмектеседі. Мен жұмсара, ал әлем жарқын бола түседі", – деп ақтарылды актриса. 

Талқылау