Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өнердің есігін жаптым": "Буынсыз адам" атанған Айдос Тоқтарбай жиһаз жөндеп жүр

Халық арасында “Буынсыз адам” атанған Айдос Тоқтарбай көрерменмен қауышты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Цирк әртісі “Астарлы ақиқат” бағдарламасына қатысып, қазір немен айналысып жүргенін айтты. 

“Пандемия келем дегенше, ауылға барып мал бақтық. Одан кейін жобаларға қатыстық. Өзбекстан мен Қытайға барып, өнер көрсеттім. Кейін аяғым мен белімнен жарақат алып, біраз уақыт өнерден қол үзіп қалдым. Қытайға жарысқа барып келгенде, біраз әділетсіздікке тап болдым. Ғалымжан, Беркін үшеуміздің өнерімізді дұрыс бағаламады. Үздік өнер көрсеткен Ғалымжанның өзіне төртінші орын берді. Содан өнердің есігін біржола жаптым. Бірақ халық іздейді екен”, – деді акробат. 



Өнер иесі бүгінде сахнадан кетіп, диван жөндеп жүргенін жасырмады. 

“Циркке жұмысқа бару қиын емес. Бірақ цирк әртісіне көңіл бөлінбейді. Аса қатты бағаланбайды. Сосын көңілден де кетеді. Сондай дүниелерді көргеннен кейін ол жаққа барғым да келмейді. Олар да менің дипломымның жоқтығына қарамай ала беретін. Мен 4-курста оқуды тастап кеттім. Одан кейін академияға барған емеспін. Балалығым да, мінезім де болды. Қазір арланбай кез келген жұмысты істей беремін. Бүгінде жиһаз жөндеушімін. Құрылысшының баласы болғасын, құрылысқа да бас сұғып тұрамын”, – деді цирк әртісі. 

Еске салайық, өнер иесі өткір қанжар жұтып, кеңірдегін кескенін айтқан еді. 

Талқылау