Ең қымбаты — неке жүзігі: Мәдина Сәдуақасова шараға 1,5 миллионның киімін киіп келген
Танымал тележүргізуші Мәдина Сәдуақасованың бір шараға киіп келетін киімінің бағасы қанша екенін сұрап білді. Осы орайда ол жауапкершілікті өз мойнына алып, «Оңбаған Мұхит Сапарбаев келіп санады» деп айтса қарсы еместігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Oybay Show бағдарламасына сілтеме жасап.
Әнші Мәдина Сәдуақасова нақты киімінің бағасы қанша екенін айтудан бас тартты. Десе де, өзінің тек сапалы брендтерді таңдауға тырысатынын жасырмады.
«Ең қымбаты – неке жүзігі. Алдында сенің бағдарламаңды көргенмін. Бұл соның екінші бөлімі, иә? Енді білмеймін. Санау керек шығар. Бірақ ыңғайыссыз. Бутик Esentai Mall астында. Шынымды айтайын, мен бағаларын білмейді екенмін. Енді бәрі арзан емес. Қой, санағаным ұят болар», - деп сыпайылық танытты әнші.
Сондай-ақ, ол қымбат және арзан киімінің адамға сыйлайтын әсері екі түрлі болатынын да жасырмады.
«Ең бастысы – сапалы дүние. Ал сапалы киім қымбат болады. Сапалы болғаннан кейін, әдемі болған соң. Өзінің ерекше энергетикасы бар. Ол рас», - деді әнші.
Сөз соңында тележүргізуші барлығын интернеттен қарап санайтынын айтты. Мәдина Сәдуақасова да бұл әрекеті үшін еш ренжімейтінін жеткізді. Артынша әншінің үстінде 1 404 000 теңгенің киімі тұрғаны белгілі болды.