Он жасар қыз жанып жатқан үйден бес бауырын құтқарды
Ресейдің Белгород облысында үй өртенді. 10 жасар Юлия есімді қыз бес бірдей бауырын өртте құтқарып қалды.
Анасы 10 жасар Юлияға 2009, 2011, 2015 жылдары туған інілері мен 2008 және 2013 жылы туған сіңлісін қалдырып, өзі отын әкелуге кетеді.
Алайда күтпеген жерден балалар ойнап отырған жерден өрт шығады. ТЖМ өңірлік басқармасының мәліметінше, Юлия жұдырығымен терезені сындырып, далаға көрпе, күртешелерді лақтырып, бауырларын үйден шығара бастайды. Артынша көршілері жүгіріп жетеді. Юлия бір жарым жастағы інісі мен үш жастағы сіңлісін соларға тапсырған бойда есінен танып қалады. Кейіннен көршісінің үйінде есін жияды. Ол ояна сала құтқарып үлгере алмадым ба деп алаңдап, балаларды түгендей жөнелді.
Өкініштісі, үй толықтай жанып кеткен. Жалынның шарпуына электр сымдарының апатты жағдайда болуы себеп болды.
Жіберіп алмаңыз:
Селфи үшін кобраны сүймек болған жасөспірім ажал құшты
Ер адам заңды әйелінің қарызынан құтылу үшін көңілдесінен туған ұлын сатты