Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 мың теңге үшін: Алматы облысында баланы 24 жерінен пышақтаған жас жігіт іздестіріліп жатыр

Алматы облысында 10 жастағы баланы жиырма төрт жерінен пышақтаған ұрыны іздестіріп жатыр. Мұндай жаға ұстатарлық қылмысты енді ғана 21 жасқа келген Дархан Айдарханов есімді азамат жасады деген күдік бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап. 

Қазір Үшарал қаласы тұрғынының суреті облыстық полиция департаментінде ресми жарияланып, іздестіріліп жатыр. Өзгенің үйінен 20 мың теңге ұрлаған күдікті кішкентай баланы пышақтап кеткен болуы мүмкін. Қазір 24 жерінен пышақ жарақатын алған бала Алакөл аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. 

Дәрігерлер жағдайының тұрақты болса да, ауыр екенін айтады. 

"Күдіктіні зардап шеккен жасөспірім сипаттап берді. Қазіргі таңда республика бойынша барлық полиция бөлімдеріне күдіктіні ұстауға мәлімет таратылды", - дейді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин.  

STAN.KZ
Жұма, 31 Мамыр, 2019 08:01