Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмірін қатерге тікті": 9 айлық сәбиімен тауға шыққан альпинистер сынға қалды

алпенисттер 9 айлық сәбиін тауға алып шыққан

Фото: Видео кадрларынан скрин

Литвалық ерлі-зайыптылар 9 айлық бүлдіршінін алып, Польшаның ең биік тауына шыққан. Алайда кейін таудан сәбимен түсе алмай гидтен көмек сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Тopnews.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Гид Шимон Стох бұл оқиғаны әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, өрге көтеріліп бара жатып, "кенгуру" сөмкесінде сәбиін арқалап келе жатқан отбасыны көрген. Төмен түсу кезінде ата-аналар одан арнайы аяқ киімге арналған құрал беріп, баспалдақтан бірге түсуге көмектесуін сұраған.

Бірақ гид бұл қауіпті деп санап, бас тартқан. Ол құтқарушыларды шақыруды ұсынғанымен, ерлі-зайыптылар туристік сақтандырулары жоқ екенін айтып, келіспеген. Ақырында гид баланы алып, өз күшімен төмен түсіріп берген.

"Олар құтқару ақысын төлемеу үшін баласының өмірін қатерге тіккендей болды", – деді ол.



Бұл оқиға мен видеоны көрген желі қолданушылары ата-аналарды жауапсыздық танытты деп сынға алды. Кейіннен литвалықтар өз нұсқасын жариялап, жағдайды түсіндірді.

Олардың айтуынша, олармен баламен алғаш рет тауға шыққан. Бірақ өздері көп жылдан бері альпинизммен айналысады және толық дайын болған. Қажетті құрал-жабдық пен сақтандырулары бар екен. Сондай-ақ, олар гид өз еркімен көмектесемін деп баланы уақытша алып, бірнеше метрден кейін қайта қайтарғанын алға тартты. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 17:06
Талқылау