Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірден шаршаған бойжеткен тезірек тұрмысқа шығуды армандап жүр

24 жастағы бойжеткен әке-шешесі орналастырған жұмыстан шығып кеткен екен. Бүгінде өзінің оларға артық салмақ салып, үйден тегін тамақ ішіп жүргеніне қынжылады. Өмірден қатты шаршап кеткендіктен, тезірек отбасын құрып, жақсы жұмысқа орналасқысы келетінін айтып жатыр.

depressia3

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Өзім Қызылорда қаласының тумасымын. Жасым жиырма төртте. Қазіргі жағдайым өте нашар. Өмірден қатты шаршадым. Өзімді жоғалтып алдым десем де болады. Ешнәрсеге құлшынысым жоқ. Жалпы салмақты, пысық, бойым ұзын, сұлу қызбын. ЖОО бітірген соң ата-анам 500 мың теңге ақша беріп, мені ауруханаға орналастырды. Ақыры сол жерде аяғымнан шалып, жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Екі жыл қиналып жүріп істедім. Ақыры жұмыстан шығарып жіберген кезде, күйзеліске түстім. Жүрегім ауырып, төсек тартып жатып қалдым. Мен үшін ата-анам қатты уайымдап, бір өліп, бір тірілгендей күй кешті. Ота жасатып, Астанада біраз уақыт емделдім. Әртүрлі жерде жұмыс жасадым. Мамандығым психолог болғандықтан, балабақшада жұмыс істедім.

Бір жылға жетпей балабақшадан да шығып кеттім. Ойымдағыдай жұмыс таба алмай жүрмін. Үйдегілер маған ақша бере беруден шаршады. Ата-анам бір айлықпен күн көріп отырған адамдар. Оларға қарауға бетім жоқ. “Тұрмысқа шық, үйден кет! Бізге немере сыйла” деп айтудан жалығып кеткен. Мені ұзатып құтылуды армандап отыр. Тойға да дайындықтары жаман емес. Бірақ ешкім кездеспей жатыр. Жігіттерді қашырып аламын ба деп қорқамын. Үйде тегін тамақ жеп, жұртқа жексұрын болып жүрмін. Бауырым іштей мені жақтырмайды. Жақсы жұмыс істеп, ақша тапқым келеді. Мәселеге туыстарымның маған қатысты әңгімесінде болып отыр. Астанадан пәтер мен жұмыс ұсынатын жандар болса, көмек сұраймын. Ақыл-кеңестеріңізге қатты зәрумін. Менің орнымда болсаңыздар сіздер не істейтін едіңіздер?” – дейді бойжеткен.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

23 жастағы бойжеткен омырауының “жоқтығынан” қысылатынын айтып қынжылды

Намазхан жігіттің әйелі барша көңілдеске өтініш айтты

Жүрегіне шұғыл донор іздеген келіншек 2 қызы үшін өмір сүргісі келетінін айтып жылады

Көршілерін өрттен құтқарған 3 баланың әкесі жұрттың ыстық ықыласына бөленді

Талқылау