Өмірден өткен қазақстандық әйел бес адамның өмірін аман алып қалды
Өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамның өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ағза ауыстыруға кезекте тұрған үш пациентке операцияны 17 шілде күні University Medical Center қорының мамандары жасаған.
Донор - 44 жастағы әйел, ол геморрагиялық инсультпен ауырған.
“Дәрігерлер кеңесі ми өлімін тіркеген. Алайда оның туыстары донор болуға рұқсат беріп, бес адамның өмірін аман алып қалды", – дейді қор өкілдері.
Донор болған әйел адамның ағзалары 43 жастағы әйелге (жүрек транплантациясы), 15 жастағы қызға (бүйрек трансплантациясы) берілген.
Науқастардың жағдайы жақсы, олар мамандардың бақылауында, оңалтудан өтіп жатыр. Екінші донорлық бүйрек пен бауыр астананың Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантацияланған.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан