Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адам ар алдында өзі жауап береді": Омар Жәлел отбасын тастап, өзге әйелге кетті деген қауесетке қатысты пікір білдірді

Желіде көпке белгілі ғалым, Абайтанушы Омар Жәлелдің әйелі мен бала-шағасын тастап, бай кәсіпкер әйелге кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәлима Жаматдинова есімді желі қолданушысы ғалымның отбасын қаңғыртып, қара басының қамын күйттеп, бақуатты әйелдің қолында тұрып жатқанын айтып, жазба жариялады.

Аталған ақпаратты желеу етіп, танымал кәсіпкер Ахметбек Нұрсила өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

“Омар жайлы "Біреуін емес, бірнеше әйелді зар қақсатып балаларымен тастап кеткен" деген әңгімені бірнеше жерден естіп едім. Сәлима деген әйел адамның жазбасын өз рұқсатымен салып отырмын. Шынымен елге берекелі отбасын қалай құру керек екені жайлы ақыл айтып жүрген бас бидің өзінің отбасы қалай екен? Кім біледі?” – деп жазды ол.

Омар Жәлел өз кезегінде бұл ақпараттың қауесет екенін айтып, өзіне жала жапқандарға жауап берді, деп жазды Экспресс К сайты.

“Бұл — өтірік ақпарат. Мен сол екі баламмен қазір Түркияның Кайсери қаласындамын. Біреуі үште, екіншісі екі жаста. Омар екі баласын тастап кетті деген – жалған нәрсе. Салима деген келіншектің хатын тексермей жариялап жіберген. Мен ешкімді сотқа бермеймін. Алла өзі жөнге салсын. Адам ар алдында өзі жауап береді ғой. Мен онымен айқайласып жататын адам емеспін", — деді Омар Жәлел.

 

Талқылау